«Асыл бала» республикалық қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі - бұл Қазақстан Республикасында балаларды қорғау бағыты бойынша жұмыс істейтін қайырымдылық ұйымдарының іс-әрекеттерін, қызметін үйлестіру мақсатында 2015 жылдың мамыр айында құрылған заңды тұлғалардың ерікті бірліестігі.

Қауымдастықтың негізгі мақсаты балаларды қорғау бойынша қызметті жүзеге асыруда Қазақстанның қайырымдылық ұйымдарына жәрдемдесу болып табылады.

Негізгі мақсатына қол жеткізу үшін Қауымдастық өзінің қызметін келесі бағыттарда жүзеге асырады:

  1. Қазақстан қоғамының қайырымдылық көмекке қажеттіліктерін зерделеу;
  2. мемлекеттік органдарда балалардың мүддесін білдіру;
  3. Қауымдастыққа қатысушылардың балаларды қорғау саласындағы жобаларын қаржыландыру грант көздерін және меценаттарды іздестіру;
  4. зерттеулер өткізу және Қауымдастыққа қатысушыларға олардың қызметін оңтайландыру бойынша консультациялық қолдау көрсету
  5. жарғылық міндеттерге және мақсаттарға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызмет.