Астанада балалар үйісәбилер үйінің және «Асыл Бала» республикалық қауымдастығының қамқорлығындағы денсаулығы  ерекше және талантты балалар ата-аналарымен, тәрбиешілерімен бірге кинотеатрға барды.  800 адамға арналған билеттерді «Асыл Бала» қоғамдық қоры «Вместе теплее» акциясы аясында тегін қамтамасыз етті. Бұл бастама отбасылық құндылықтарды нығайтуға және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіруге бағытталған.

Бүгін Астана қаласында «Асыл Бала» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен денсаулығы ерекше күтімді талап ететін 500 балаға арналған арнайы жаңажылдық шырша өтті. Мерекелік шараға әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасының бүлдіршіндері, спорттық және интеллектуалды сайыстарда жүлдеді орындарға ие болған мектеп оқушылары да қатысты.

Spina Bifida - бұл тағы бір аты жаман ауру. Қазақстанда 254 бүлдіршін осы дертке тумасынан шалдыққан. Балғындардың денсаулығын оңалту кезінде көптеген қиындықтар кездеседі. Оларды шешу жолдарын ұсынып, мүгедектер арбасына қатысты мәселені біржақты ету мақсатында, «Асыл Бала» Республикалық Қауымдастығына қарайтын «Асыл Бала» және «Spina Bifida» Қоғамдық Қорлары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Абылқасымовамен кездесті.

«Асыл бала» қоғамдық қоры Алматы қаласындағы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-на жалпы құны шамамен 50 миллион теңге болатын соңғы үлгідегі медициналық жаңа жабдықтар сатып алды. Материалдық көмек «Ғұмыр үшін» жобасы аясында көрсетілді.

«Асыл бала» қауымдастығы балаларды қорғау күніне орай Мега Silk Way мен Қазақстандағы балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл Балиева Зағипа Яхяновқызының қолдауымен балалар мерекесін өткізді.

Бүгін ойын-сауық орталығында 640 балаға клоундар қызмет етті, «НОМАД» би ұжымы және вокал жанрының әртістері өнер көрсетті.

Рақымшылық - бұл барлық әділ әділеттілік пен шынайы адамзаттың толыққанды және шынайы негізі және тек іс-әрекеттің өзінен келуіне байланысты оның моральдық құндылығы бар. © Артур Шопенгауэр

Қайырымды адам әрқашан оған қажетттілгі бар адамдарға көмектеседі. Әр адам өз мүмкіндіктеріне қарай қайырымдылықпен айналысады. Біреу садақа береді, ал біреу қайырымдылық қорын ашады.

Сострадание есть вполне единственная и действительная основа всякой свободной справедливости и всякого истинного человеколюбия, и лишь потому, что деяние истекает из него, имеет оно нравственную ценность. © Артур Шопенгауэр

2018 жылдың 7 маусымында Wyndham Garden Astana қонақ үйінде Балаларды қорғау күнін және Астананың 20 жылдығын мерекелеуге орай «Астана – рухы мықты ададмдардың қаласы» бағдарламасы аясында Spina Bifida Fashion Show қайырымдылық кеші өтті.