«Асыл бала» қауымдастығы балаларды қорғау күніне орай Мега Silk Way мен Қазақстандағы балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл Балиева Зағипа Яхяновқызының қолдауымен балалар мерекесін өткізді.

Бүгін ойын-сауық орталығында 640 балаға клоундар қызмет етті, «НОМАД» би ұжымы және вокал жанрының әртістері өнер көрсетті.

Балаларға тегін балмұздақ берілді, мультфильмдер көрсетті, Happylon және «Эврика» орталығында ойнатты. Сонымен қатар, «Асыл бала» қорының құрылтайшысы «НОМАД» ұжымының жетекшісіне балалар шығармашылығын дамытуға 1 миллион теңге сертификатын табыс етті.

Сондай-ақ, «Асыл бала» қоғамдық қоры Астанадағы мамандандырылған балалар үйінің балаларын құттықтады. Балаларға жөргектер және гигиеналық өнімдерін әкелді: сусабындар, гельдер, кремдер, кір жууға арналған кондиционер.