Бүгін Астана қаласында «Асыл Бала» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен денсаулығы ерекше күтімді талап ететін 500 балаға арналған арнайы жаңажылдық шырша өтті. Мерекелік шараға әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасының бүлдіршіндері, спорттық және интеллектуалды сайыстарда жүлдеді орындарға ие болған мектеп оқушылары да қатысты.

 

Жаңажылдық мерекені инклюзивті алаңда қарсы алған балалар Даун, Аутизм синдромдары, Spina Bifida, қимыл-тірек аппаратының күрделі зақымы, обыр (ДЦП) ауруларымен күресіп келеді.

Шара барысында әр балақайға сыйлықтар табысталды және оларды Аяз ата, Ақшақар, Жалмауыз кемпір мен заманауи мультфильм кейіпкерлері – Трансформерлер, Мильондар, Аю және Темір адам келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Айта кетейік, жаңажылдық шыршаны өткізуге белгілі қазақстандық бизнесмендер Нұрлан Смағұлов пен Райымбек Баталов үлкен қолдау көрсетті және «Астана Жастары» мен «Жас Ұлан» ұйымдары атсалысты.

Концерттік бағдарлама барысында сахна төрінде «Асыл Бала» қоғамдық қорының Төрайымы Гүлнар Отепова Малайзияда өткен менталды арифметика бойынша XXIII Бүкіләлемдік сайысқа қатысып, бірінші-үшінші орын иеленген UCMAS Халықаралық академиясының шәкірттерін  марапаттады.

Шараға келген бүлдіршіндердің басым дені «Асыл Бала» қоғамдық қоры тарапынан қаржылай қолдау алатын ұйымдарда емделу-оңалту бойынша тегін көмек алуда.

Байланыс үшін: 8 (7172) 504411, media.This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.