Жобаның мақсаты – ментальді арифметиканың көмегімен көру мен естуге байланысты бар ерекше қажеттіліктері бар балалардың интеллектуалдық дамуын қолдау болып табылады.

2015 жылы «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың зияткерлік дамуы» жобасы іске қосылды. Алматы қаласындағы Н.Островский атындағы № 4 мектеп-интернаты және Семей қаласының №3 мектеп-интернатының негізінде ЮСИМАС ментальді арифметика бағдарламасының көмегімен көру қабілеті нашар ерекше білім беруді қажет ететін балалардың интеллектуалды дамуы мен оқытуын қолдайды.

Іске асырылу мерзімі: 2015-2017 жылда