«Ғұмыр үшін» бағдаралмасының басты мақсаты: онкологиялық ауруға шалдыққан балалар мен олардың отбасы мүшелерінің медициналық емделуін жетілдіру және әлеуметтік-психологиялық қайта қалыптарына келуіне әлемдік стандарттарға сай көмек қолын созу.

Бағдарлама аясында 2016 жылы Астана қаласының «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» балалар онкологиясы бөлімшесі 100 перфузор және инфузоматтармен, арнайы медициналық құралдармен жабдықталды.

Перфузорлар дәрі-дәрмектерді қатаң мөлшерде алу мүмкіндігін, сондай-ақ дәріні қолдану жылдамдығын бақылауға мүмкіндік береді. Ал инфузоматтардың арқасында науқастар қолмен енгізе алмайтын кішкентай, дәл есептелген мөлшерде дәрілер алады.

Іске асырылу мерзімі: 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін