2016 жылы жоба аясында ауыр дерттен сауыққан балалар мен олардың ата-аналарына арналған арт-терапияда жұмыс істеу әдістемесі әзірленді және   психолог мамандар оқытылды.

Жобаның мақсаты: онкологиялық науқастардың ішкі мүмкіндіктерін және шығармашылық қорларын суреттер мен ертегі тепрапиясы арқылы анықтау, бұл балалардың тез арада емделуге деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

«Сиқырлы бояулар» жобасы Астана қаласындағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» стационарлық емдеу және амбулаториялық бақылауда болған 40 бала мен 40 ата-анасын қамтыды.

Іске асырылу мерзімі: 2016 жыл

Жүзеге асырушы ұйым: «Еркемай» Қоғамдық қоры