Оңалту орталығының мақсаты: Даун синдромы бар балаларға және олардың отбасыларына психологиялық, педагогикалық, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету.

2016 жылғы 1 қарашадан бастап «Күн әлемі» оңалту орталығы мектепке дейінгі дайындыққа және мектепке даярлауға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 0-18 жас аралығындағы Даун синдромы бар балаларды қолдау бойынша түзету-педагогикалық іс-шараларды жүргізіп келеді.

Осы категориядағы 30 баланы 3 ай бойы оңалту процессі психофизикалық және психо-сөйлеуді, эмоционалдық жағдайды, әрбір баланың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып ұйымдастырылады.

Балаларды қабылдау ата-аналармен толтырылған сауалнама негізінде жүргізіледі.

Оңалту орталығының барлық қызметі түзету-қалпына келтіру және оңалту арқылы жүзеге асырылады.

Балаларға кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық көмекті кешенді тексеру мен тақырыптық жоспарлаудан бастап, баланы дамытудың жеке бағытын даярлауға дейінгі тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар тобы қамтамасыз етеді.

2016 жылдың қараша айынан бастап 2017 жылдың қараша айына дейін 121 бала қамтылған төрт курс өтті.

Іске асыру мерзімі: 2016-2018 ж.ж.

Жобаның ұйымдастырушысы: «Күн әлемі» қоғамдық қоры