Жобаны іске асыру орны: Астана қаласы, Алматы ауданы, Промышленный кенті, «№ 13 орта мектеп» ММ.

Кадет сыныбы қызметін ұйымдастыру арқылы әскери-патриоттық тәрбие – балалардың жағымды әлеуметтік бейімделуінің тиімді әдістерінің бірі. Кадет сыныбының жұмысы оқытудың таңдамалы әдісі болып табылады және мектеп жасындағы балалардың патриоттық тәрбиелілікті қалыптастыру үшін нақты мүмкіндіктерге ие. Балалар-жасөспірімдер ұжымы құрамында оқыту мен тәрбиелеудің түрлі амалдары, нысандары және тәсілдері мақсатты және тиімді жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жоба мақсаты: оқушылардың адамгершілік, мәдениеттілік қасиеттерін дамыту, жалпы адамдық құндылықтарды сақтауға ұмтылу және оны түсіну арқылы оқушылардың оқыту-тәрбиелеу үрдісінің тиімділігін жоғарылату.

Жоба Промышленный кентіндегі әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардағы 50 баланы қамтыды.

Іске асырылу мерзімі: 2016-2017 жылдар

Жүзеге асырушы ұйым: «Жан досым» қоғамдық қоры