2016 жылдың шілдесінде Астана қаласында Қазақстанның барлық аймақтарынан келген және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының онкологиялық бөлімінде күндізгі стационарда ем қабылдап жүрген онкология ауруына шалдыққан балаларға және олардың ата-аналарына арналған Пансионат ашылды.

3 жыл ішінде пансионатта 381 бала, 29 донор және 433 ата-ана (қамқоршылар) көмек пен қолдау тапты.

Бұл қалада және республикада онкология ауруына шалдыққан балаларға және олардың ата-аналарына тегін тұруға мүмкіндік беретін жалғыз орын.

Іске асырылу мерзімі: 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін

Жүзеге асырушы ұйым: «Асыл бала» ҚҚ