Жобаның мақсаты  - ерекше білім беруді қажет ететін балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, инклюзивті спорт секцияларын құру және Астана қаласында бейімделген спорт түрлері бойынша спорт секцияларының моделін тарату арқылы жүзеге асыру.

2016 жылдан бастап Астана қаласының Білім басқармасымен  меморандум аясында 9-11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін ай сайын келесі тақырыптарға дәрістер ұйымдастырылады: «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар».

2018 жылдың қаңтарында Samsung Electronics Central Eurasia компаниясымен бірлесіп, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының онкология бөлімшелеріндегі балалар үшін «Samsung School» жобасының аясында Smart Class ашылды.

Жоба мүгедектігі бар балалардың тәуелсіз дағдыларын меңгеруіне бағытталған, олар жағдайға байланысты үйде оқуға мәжбүр және өздеріне қалай қызмет көрсету керектігін білмейді.

«Ғұмыр үшін» бағдаралмасының басты мақсаты: онкологиялық ауруға шалдыққан балалар мен олардың отбасы мүшелерінің медициналық емделуін жетілдіру және әлеуметтік-психологиялық қайта қалыптарына келуіне әлемдік стандарттарға сай көмек қолын созу.

Интелектуалдық марфон мақсаты - білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, білімдерін ерекше дамытуды қажет ететін дарынды балаларды  айқындау  және олардың дамуына жан-жақты қолдау  көрсету.

Оңалту орталығының мақсаты: Даун синдромы бар балаларға және олардың отбасыларына психологиялық, педагогикалық, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету.

Жобаның мақсаты: бет-жақ тұсындағы және пластикалық медицинадағы соңғы жетістіктермен халықаралық тәжірибе алмасуға қолдау көрсету.