2018 жылдың қаңтарында Samsung Electronics Central Eurasia компаниясымен бірлесіп, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының онкология бөлімшелеріндегі балалар үшін «Samsung School» жобасының аясында Smart Class ашылды.

Samsung School -  бұл интерактивті оқыту әдісі бар сабақтарды құрудың заманауи шешімі. Осы шешімнің арқасында балалар материалдарды жаңа форматта оқи алады және оқу үрдісі жаңа жетістіктердің арқасында бұрынғыдан да қызықты болады.

Smart Class арқасында мұғалімдер сабақты тиімді әрі қызықты ете алады. Балалар тек жалпы пәндерді (математика, тарих, ағылшын тілі және т.б.) ғана емес, сонымен қатар шығармашылық жағынан дамиды. Өйткені жобаның аясында өнер, шахмат және лего қарастырылған.

Сынып LFD дисплейімен, 30 Tablet Galaxy Tab Active  планшеттерімен және сабақтан тыс іс-шараларға арналған оқу материалдарымен жабдықталған.

Іске асыру мерзімі: 2017 - 2018 жж.

Жоба ұйымдастырушысы: «Асыл бала» қоғамдық қоры

Жобаның демеушісі: Samsung Electronics Central Eurasia