2016 жылдан бастап Астана қаласының Білім басқармасымен меморандум аясында 9-11 сынып оқушылары және колледж студенттері үшін ай сайын келесі тақырыптарға дәрістер ұйымдастырылады: «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар».
Дәрістерді «Айя» Медициналық орталығының дәрігерлері өткізеді.
Дәрістер дұрыс тамақтану, жеке гигиена және сауатты жыныстық тәрбие тақырыптарынның қажеттілігіне байланысты жүргізіледі. Жасөспірімдерді тәрбиелеуде ерте жүктілікті алдын алу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы және қарапайым гигиена мәселелері әрдайым бірінші кезектегі міндет болады.
Іске асырылу мерзімі: 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін
Жүзеге асырушы ұйым: «Асыл бала» Қоғамдық қоры