Жобаның мақсаты  - ерекше білім беруді қажет ететін балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, инклюзивті спорт секцияларын құру және Астана қаласында бейімделген спорт түрлері бойынша спорт секцияларының моделін тарату арқылы жүзеге асыру.

Жоба шеңберінде қазіргі уақытта 100 бала қатысатын инклюзивтік бейімделген спорт секциялары ұйымдастырылып, жұмыс жасайды. Бұл жобаға Даун синдромы, аутизм және дамуындағы басқа патологиялармен бірге есту және көру қабілетінің бұзылуы диагнозы қойылған балалар қатысады.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен бірге сау балалар да жаттығады. Бейімделген спортпен айналысу үшін тең жағдайлар жасалады.

Осылайша, жоба балалық шақтан ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға төзімділік танытуға көмектеседі, себебі балалар бір-бірімен тең дәрежеде араласады.

Бүгінгі таңда адаптивті каратэ, паратаэквандо, жүзу, хореография, бокс және голбол секциялары бар.

Іске асыру мерзімі: 2017-2018 жж

Жобаны ұйымдастырушы: «Общество родителей детей с инвалидностью «МИР РАВНЫХ ВОЗМОЖНОСТЕЙ» Қоғамдық бірлестігі