Жоба мүгедектігі бар балалардың тәуелсіз дағдыларын меңгеруіне бағытталған, олар жағдайға байланысты үйде оқуға мәжбүр және өздеріне қалай қызмет көрсету керектігін білмейді.

Мақсаты – балаларға табиғатпен берілген әлеуетін дамыту арқылы әлеуметтендіру. Егер балалар үшін жағдай жасаса, олардың сақтаулы ақылдарының арқасында оқытуға, қоғамға бейімдеуге болады.

Жобаның іске асырылуы:

  1. Мәскеудің «Сделай шаг» Қорының эрготерапевт және физиотерапевт мамандарының қатысуымен үш күндік семинар ұйымдастыру. Семинар тақырыбы: «Спина бифида диагнозы қойылған балаларды емдеудегі эрготерапия және физиотерапия. Өзекті мәселелер және шешу жолдары» (2018 жылғы 18,19,20 шілде);
  2. Жобаға қатысатын балалардың ата-аналарымен жұмыс жасау: шарттарды ресімдеу, дәрігер-реабилитологпен тексеріп қарау (мерзімі - 2018 жылғы тамыз);
  3. Отбасын бағыттау мақсатында жобаның әр қатысушысына екі маманның келуі. Сапардың мерзімділігі - үш айда бір немесе екі рет (қажет болғанда және ата-аналар сұрауы бойынша);
  4. Кедергілерді жою үшін (пандустың, лифтінің жоқтығы) мектептің құрылымының ерекшеліктерімен танысу мақсатында және сау балаларға арналған мектепке қабылдау үшін жоба менеджерінің жақын маңдағы мектепке баруы. Сондай-ақ, мектеп медбикесінің үш сағат сайын катетеризация жасауын шешу (қажет болған жағдайда);
  5. Белсенді мүгедектер арбасын таңдау үшін баланың параметрлерін жасау. Баланың белсенді өмір салтын жүргізуге мүмкіндік беретін сапалы мүгедектер арбасын мемлекеттен алу үшін әлеуметтік қорғау басқармасымен жұмыс жүргізу (қажет болған жағдайда);
  6. Маршруттау бағдарламасын түзету үшін дәрігер-реабилитологтың әрбір үш айда тексеру өткізуі (қажет болған жағдайда);
  7. Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік қорғау министрлігінің қатысуымен жобаның нәтижелерін ұсыну мақсатында республикалық деңгейдегі конференция өткізу. Өңірлерде одан әрі жұмыс істеуді жоспарлау.

Іске асыру мерзімі: 2018-2019 ж.ж.

Жобаны ұйымдастырушы: «Spina Bifida» қоғамдық бірлестігі